Пандемия кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау

Пандемия кезеңінде шағын және орта бизнесті қолдау

2020 жылы 23 наурызда төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2020 жылы 20 наурыздан бастап ШОБ үшін жалдау төлемдерін есептеуді үш ай мерзімге тоқтата тұруды тапсырды.

20 наурыздан бастап Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұруға 612 өтінімді қарап қабылдады.

Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдер бойынша жоспар 170,1 млн. теңгеге қысқарды.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Қазақстан жаңа шындықта: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау үшін Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы осы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күні Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұруға 206 өтінімді қарап қабылдады, олар бойынша қосымша келісімдер жасалды

Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін түсімдер бойынша жоспар 206 млн.теңгеге қысқарады.