2024 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасын өткізді.
Мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс барысында мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын сақтауға назар аударылды: адалдық, шынайылық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клинетке бағдарлану.
Әдеп жөніндегі уәкіл "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер айтылды: мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметіне жол бермеу; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алу; Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашу және иелену, Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.