Мемлекеттік активтер басқармасының 2023 жылы атқарған жұмысы туралы есепті және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын тыңдау

Мемлекеттік активтер басқармасының 2023 жылы атқарған жұмысы туралы есепті және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын тыңдау

VIII шақырылған Алматы қаласы мәслихатының экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық және сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 31 мамырда Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының қызметі туралы есепті тыңдау өтті.

Басқарма басшысы Сайфеденов Сайран Тәпенұлы мемлекеттік органның 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарларын ұсынды.

Тыңдау қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған есепті қабылдауға бірауыздан дауыс берді.