Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы хабарландыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы хабарландыру

Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқарма басшысының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 723 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 2 мамырдан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде келесідей бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:

Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2024 жылғы 26 сәуірге дейін электрондық поштаға қабылданады gos.aktivi_almaty@mail.ru және  Алматы қ., Республика алаңы, 4, 320 А кабинеті, тел. 8 (727) 2251747.