Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен жиналыс өтті

Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің төрағалығымен жиналыс өтті

Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасында, Наурыз мерекесі қарсаңына қарай Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылға қатысты профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Мамай Қаниұлы қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін еске салды. Мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі заңнамалық актілермен реттелген қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдарда жоғары моральдық-адамгершілік ахуалды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген имиджі мен сенімін нығайту мәселелеріне назар аударды.

Ұлттық киім күніне және Наурыз мерекесіне орай басқарма қызметкерлері де барынша ат салысып, ұлттық киімді іскерлік стильмен үйлестіре білді.