Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша әкімшілік-құқықтық жалпы білім беруді жүргізді

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша әкімшілік-құқықтық жалпы білім беруді жүргізді

2022 жылғы 27 мамырда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы аясында жүргізіліп жатқан саяси реформалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, сондай-ақ референдум өткізу мәселелері бойынша Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасында қызметкерлерімен жалпы оқыту жұмыстары жүргізілді.Талқылауда Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша негізгі тақырыптар қозғалды, атап айтқанда: мемлекет басшысының өкілеттігі және оның қызмет ету мерзіміне байланысты шектеулер; Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы; Парламент Мәжілісі мен Сенатын құру тәртібі мен функцияларын; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары есеп палатасына қайта құру; мәслихаттарды құру тәртібін өзгерту; Конституциялық Сотты құру; өлім жазасын жою.