Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы

Санат(лауазымдар тізіліміне сәйкес)

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Құқық және экономика негіздері, 

Халықаралық қатынастар, 

Филология, 

Аударма ісі, 

Шетел филиологиясы, 

Құқықтану, 

Халықаралық құқық, 

Кеден ісі, 

Экономика, 

Менеджмент, 

Есеп және аудит, 

Мемлекеттік және жергілікті басқару, 

Маркетинг, 

Статистика, 

Әлемдік экономика, 

Ақпараттық жүйелер, 

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 

Математикалық және компьютерлік модельдеу, 

Қаржы, 

Конфликтология

Функционалды міндеттер

Құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың мүддесін мемлекеттік және өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіпте қорғау; кінәрат-қуыным жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; құқықтық мәселелер бойынша жоғары тұрған және өзге де ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұранымдарына жауап дайындау; Басқарма қызметі барысында туындаған құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беру; құқықтық жалпы оқыту өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, шарттар жобаларының, әкімдік қаулыларының Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігін тексеру; Басшылықпен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқарманың ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс режимін, еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникаларын және өртке қарсы қорғануларды сақтау. Басқарманың құрылымдық бөлімдері орналасқан әкімшілік ғимаратты және үй-жайларды шаруашылық қызмет көрсетілуін және санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің нормаларына сәйкес тиісінше ұстап тұруды бақылау. Жарық беру, жылу, кондициялау және т.б. жүйелердің жұмыс жасауын бақылау; Басқарманың барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысы үшін қажетті топтамаларды толық уақтылы қамтамасыз ету: оргтехникамен, ішкі, қалалық және қалааралық телефон байланысын қамтамасыз ету, кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, барлық тауар-материалдық мүліктің дұрыс жұмыс жасауын (жиһаз, көбейту және компьютерлік техника) және басқарманың қызметтік үй-жайларындағы өзге де аксессуарлармен. Басқарманың іс номенклатурасын дайындау; ведомстваға қарасты мұрағатта іс-қағаздарын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау және орындау. 

           Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Келесі мемлекеттік органдар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режиміне қатысада (Үкіметтің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысы): Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Әділет министрлігі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.