Кейін сатып алу және сатып алусыз құқығымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарттардың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кейін сатып алу және  сатып алусыз құқығымен коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарттардың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

           2021 жылдың 9 және 10 ақпанында, Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айтжанов Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқару шарттарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссиялық отырысқа төрағалық етті, отырыс құрамына қалалық мемлекеттік активтер басқармалары, спорт, энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму , мәдениет, қалалық мобильділік, әлеуметтік әл-ауқат , денсаулық сақтау басқармалары, және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кірді (бұдан әрі - Комиссия).

          Отырыста жеке инвесторлар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдар ұсынған сенімгерлік келісім шарттарының орындалуы туралы есептер тыңдалды. Сенімгерлік басқарушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша есептерді қарау кезінде коммуналдық меншік объектісін тиімді пайдалануға назар аударылды.

          Сенімгерлік басқару объектілерінің арасында көп балалы аналарға көмек көрсету; мүмкіндігі шектеулі адамдарды, Даун синдромы бар және психикалық ауытқулары бар ата-аналар мен балаларды оңалту орталықтарын ашу үшін берілген ғимараттар мен үй-жайлар бар, қазіргі уақытта осы бағытта үлкен жұмыс атқарылуда.

          Сондай-ақ, құрылыс барысы жүріп жатқан, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, халыққа медициналық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған объектілер бар.

          Сонымен қатар, ағымдағы жылдың көктемінде инновациялық, энерготиімді және экологиялық таза технологиялардың қолданылуы ескеріле отырып, қуаты кемінде 100 кВт шағын су электр станциясы іске қосылатын болады.

          Отырыс барысында Комиссия сенімгерлік басқарушыларға коммуналдық меншік объектілерін одан әрі тиімді басқару бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берді.