
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Алматы қаласында мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін көрсетіп жүрген қызметкерлердің еңбегі атап өтілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандарды тәрбиелеп өсіргені үшін олардың ата-аналарына ерекше құрмет көрсетілді.
Алматы қаласының әкімі Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының жас мамандарының ата-аналарына алғыс хаттар табыстап, ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген саналы да білімді ұрпақ тәрбиелегендері үшін ризашылығын білдірді. Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жетістіктерінің негізінде отбасы тәрбиесі мен ата-ананың еңбегі жатқанын көрсетеді.
Мемлекеттік қызметшілер күні – халыққа сапалы қызмет көрсетуді басты міндеті санайтын мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын мереке. Осы орайда мемлекеттік қызмет саласының дамуына үлес қосып жүрген барлық қызметкерлерге алғыс айтылып, алдағы қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.
Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын! Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін!