Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Алматы қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерін және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын орталықтандырылған оқытуды ұйымдастырды

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы Алматы қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерін және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын орталықтандырылған оқытуды ұйымдастырды

2026 жылғы 15-17 маусым аралығында Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараға спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің басқарма басшысы А.Ж. Ағабеков, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы сарапшылар Н. Ш. Мұқанов пен А. А. Боган қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзекті өзгерістер, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты практикалық мәселелер қарастырылды. Сатып алу тиімділігін арттыруға, жеңімпаздарды анықтау мерзімдерін қысқартуға және бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған 2026 жылғы жаңалықтарға ерекше назар аударылды.

Оқытудың жеке тақырыптары ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №598 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің №110 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың ерекшеліктері қаралды.

Қатысушыларға заңнаманы іс жүзінде қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беріліп, проблемалық мәселелер талқыланды және тәжірибе алмасу жүргізілді. Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға мемлекеттік сатып алу саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.