Басқармада түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Басқармада түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасына жаңадан қабылданған қызметкерлермен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтің әдебі, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіп, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құмар ойындарға тәуелділіктің жеке тұлғаға, отбасыға және қоғамға тигізетін кері әсері, оның мемлекеттік қызметшінің абыройына және қызметтік міндеттерін адал атқаруына келтіретін зияны атап өтілді.

Мамай Қаниұлы Ахетов мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын қатаң сақтауы, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануы, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттерге, оның ішінде құмар ойындарға қатысуға жол бермеу қажеттігін ерекше атап өтті. Тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелеріне де назар аударылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңадан қабылданған қызметкерлердің құқықтық және әдептік мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтің беделін нығайту.