Ізбасқанова Гулнар Елбатырқызы «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

Ізбасқанова Гулнар Елбатырқызы  «Күміс алқа» алқасымен марапатталды

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасында бүгінгі күні қуанышты жаңалықтар орын алып отыр. Біздің әріптесіміз, коммуналды меншікті басқару бөлімінің басшысы - Ізбасқанова Гулнар Елбатырқызы "Күміс алқа" алқасымен марапатталды. Әріптесімізді бүгінгі ереулі марапатымен құттықтай отырып, арманның ажарында, бақыттың базарында  күліп ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіп, мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз дегіміз келеді. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай балаларыңыздың қызығын көріңіз.