Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы хабарландыру

Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқарма басшысының 2026 жылғы 12 маусымдағы № 735 бұйрығына сәйкес 2026 жылы 12 маусымнан бастап 2026 жылғы 3 шілдеге дейінгі кезеңде келесідей бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер 2026 жылғы 22 маусымға дейін электрондық поштаға қабылданады gosaktiv_almaty@mail.ru және Алматы қ., Республика алаңы, 4, 314 кабинеті, тел. 8 (727) 2251747.

Дата публикации
16 июня 2026