№36 қалалық емханада онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтті

№36 қалалық емханада онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтті

№36 қалалық емханада онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - халық арасында онкологиялық сақтықты арттыру және профилактикалық тексерудің маңызын еске салу.

Ашық есік күніне Алматы онкологиялық орталығының мамандары - онкохирург, онкомаммолог және онкогинеколог арнайы шақырылды.

Іс-шара аясында кіші жамбас ағзаларына, қалқанша безге және сүт бездеріне УДЗ жүргізілді.

Медициналық қызметкерлер тұрғындарға тегін кеңес беріп, скринингтік тексеру мен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Мұндай іс-шаралар денсаулыққа қамқорлық жақын жандарға деген жанашырлықтан басталатынын тағы бір дәлелдейді.

Емхана өкілдерінің айтуынша, мұндай науқандар алдағы уақытта да жалғасады, өйткені уақтылы диагностика - сәтті емнің кілті.