Ана мен бала денсаулығы: Алматыда Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары бас қосты

Ана мен бала денсаулығы: Алматыда Қазақстан мен Ресейдің жетекші сарапшылары бас қосты

Алматыда Қазақстан мен Ресейдің медицина саласындағы жетекші сарапшылары бас қосты.

Халықаралық конференцияда гемостаз жүйесі жайында сөз қозғады. Баяндамашылар жүктілік кезінде кездесетін кемшіліктер және жаңа туған сәбиде болатын ауру түрін анықтау, қалыпқа келтіру мен асқынудың алдын алу мәселесін қарастырды. Заманауи зертханалық әдістерді пайдаланудың артықшылығына тоқталып, тәжірибе алмасты.

 «Босанған әйелдің және дүниеге келген сәбидің денсаулығына қалай көмек көрсетуге болады? Хирургиялық практикада жүрек қан тамырлары ауруының алдын алудың өзектілігі қандай? Осы және әр дәрігердің білуі қажет ақпаррат айтылды», – деді ҚДСЖМ ҚМУ терапия кафедрасының меңгерушісі Аяш Байсұлтанова.