Құтқарылған өмірі үшін рахмет!

Құтқарылған өмірі үшін рахмет!

Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығының пациенті жаңа туған ұлының өмірін сақтап қалғаны үшін барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Бала ауыр жағдайда дүниеге келді және 20 күн реанимацияда, -кпесі жасанды желдетуде болды. Неонатолог дәрігерлердің, медбикелердің және реанимация бөлімінің бүкіл командасының кәсібилігінің арқасында бала емделіп, қалпына келді.
Бүгін дені сау және бақытты ана мен оның сәбиі үйге шығарылды.
– "Сіздерге менің балам тірі болғаны үшін рақмет. Қамқорлықтарыңыз үшін, әр ұйқысыз түндеріңіз үшін, қолдау мен мейірімділіктеріңіз үшін рақмет. Сіздер біздің жүрегімізде мәңгі қаласыздар!"- деді анасы жылулықпен.

№2 қалалық перинаталдық орталық ана мен баланы қорғауды жалғастыруда, күн сайын ең кішкентай пациенттерге үміт пен өмір сыйлайды.