«Туберкулезді тіркеу мәселелері және туберкулез инфекциясы ошағында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Туберкулезді тіркеу мәселелері және туберкулез инфекциясы ошағында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 19 наурызында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық аясында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Фтизиопульмонология орталығы мен Алматы қаласы ДСЭК ұйымдастыруымен «Туберкулезді тіркеу мәселелері және туберкулез инфекциясы ошағында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің медициналық-кәсіптік бөлімінің меңгерушісі Иманғалиева Л.Т., Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Б.Н.Мұхамадиева, Алматы қаласы ДСЭК бастығының орынбасары А.Т., Асылова А.С., аудандық эпидемиологтар, РМҚ директорлары, №№ 2, 17, 23, 29, 36 қалалық емханалардың, «АСМЕД», «ДостарМед», «Open Clinic» ЖШС директорлары, Фтизиопульмонология орталығының және «Мейірімді жол» ҮЕҰ мамандары қатысты.
Туберкулез ауруы жағдайларын есепке алу, студенттерді қаладағы медициналық ұйымдарға бекіту, студенттер арасында туберкулезді дер кезінде анықтау, оларға әлеуметтік қолдау көрсету, туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды тексерудің түйткілді мәселелері, балалар арасындағы туберкулезді ерте анықтау және оның алдын алудағы анықталған ақаулар талқыланды.
Алматыда туберкулез ауруын тіркеу туралы бұйрық жобасы талқыланып, медициналық ұйымдарға тіркелмеген тұлғалар мен тұрғылықты жері жоқ адамдарға баса назар аударылды.
«Мейірімді жол» ҮЕҰ-ның тұрғындардың осал топтары мен ем тәртібін бұзушылармен жұмысы таныстырылды.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары проблемалық мәселелерді талқылауға белсене қатысты, ФГ скринингімен қамту шараларын одан әрі жетілдіру, туберкулезбен ауыру жағдайларын тіркеу, туберкулез инфекциясы ошағында профилактикалық іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.