АЛМАТЫЛЫҚ НЕЙРОХИРУРГ МАМАНДАР АРТЕРИОВЕНОЗДЫ МАЛЬФОРМАЦИЯНЫ СӘТТІ ЕМДЕДІ

АЛМАТЫЛЫҚ НЕЙРОХИРУРГ МАМАНДАР АРТЕРИОВЕНОЗДЫ МАЛЬФОРМАЦИЯНЫ СӘТТІ ЕМДЕДІ

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) 33 жасар науқас мидың оң жақ желке бөлігінің артериовенозды мальформациясы диагнозымен түсті.

Бұл артерия мен тамырлар капиллярларды айналып өтіп, тікелей қосылатын сирек тамыр ауруы. Мұндай байланыс тамырлардағы қан қысымының жоғарылауына, ал ол өз кезегінде тамырдың жарылуына әкеліп, инсульт қаупін арттырады.

Науқас бұған дейін сол көзінің тұрақты жыпылықтауына, бас ауруы мен айналуына шағымданған. Ми МРТ-сында оған артериовенозды мальформация диагнозы қойылған. Науқас одан әрі не істеу керек екенін анықтау үшін ҚЖШККА нейрохирург мамандарының кеңесіне жүгінді.
ҚЖШККА-да науқастың жан-жақты тексеріліп, оған рентген-эндоваскулярлық эмболизация жасау шешімі қабылданды. Бұл процедура қалыпты емес тамырлардағы қан ағымын блоктайтын катетер арқылы арнайы материалды енгізуді қамтиды, осылайша мальформацияның жарылу қаупі азаяды.
Құрамында ҚЖШККА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли, нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Қасенов және оталық медбике Эльмира Аюпова бар оталық топ екі сағатқа созылған отаны сәтті жүзеге асырды.
Ота нәтижесінде ми қан айналымы жақсарып, қан кету қаупі азайды.

ҚЖШККА нейрохирург маманы Максим Аргумбаевтың айтуынша, артериовенозды мальформация миға қан құйылу сияқты ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. «Мальформацияның жарылуынан туындаған инсульт көбіне өлімге не ауыр мүгедектікке әкеледі», - деп түйіндеді нейрохирург.