-Қайырлы күн! Мен Орманов Айдан, емделуге көмектескен барлық дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. 9 см қатерсіз ісікті алып тастау сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында сәтті өтті. Кардиохирургия бөліміне ерекше алғыс, Мен қазір кардио-оңалту орталығындамын. Мұнда қалпына келтіру үшін барлық жағдайлар жасалған: массаж, физикалық жаттығулар және тұз шахтасы. Палаталар таза және жайлы. Сіздер керемет мамансыздар, мен сіздердің жұмыстарыңызды өте бағалаймын. Барлығыңызға үлкен рахмет!