ӘЙЕЛДЕР КІШІ ЖАМБАС ОРГАНДАРЫНЫҢ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК ЕКЕНІН ҚАРАКӨЗ ӘБУСЕЙІТОВА АЙТЫП БЕРДІ

ӘЙЕЛДЕР КІШІ ЖАМБАС ОРГАНДАРЫНЫҢ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУІНЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК ЕКЕНІН ҚАРАКӨЗ ӘБУСЕЙІТОВА АЙТЫП БЕРДІ

Кіші жамбас органдарының ультрадыбыстық зерттеуі (УДЗ) - жатыр, аналық без және репродуктивті жүйенің басқа органдарының жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды диагностикалық процедура.

Ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері мүмкіндігінше дәл болу үшін процедураға дұрыс дайындалу керек.
Дайындықтың негізгі кезеңдері туралы Алматы №36 қалалық емханасының дәрігері Қаракөз Әбусейітова айтып берді.
Дәрігердің айтуынша, әйелдерге жасалатын кіші жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеудің екі негізгі түрі бар: іштің алдыңғы қабырғасы арқылы жүргізілетін трансабдоминальды УДЗ және арнайы сезбек көмегімен қынап арқылы жүргізілетін трансвагинальды УДЗ.
«Трансабдоминальды ультрадыбыстық зерттеуге дайындалу үшін қуықты толтыру керек. Процедурадан 1-2 сағат бұрын науқас 4-6 стакан су ішіп, қуықты босатпауы керек. Толық қуық УДЗ кезінде жамбас мүшелерінің көрінуін жақсартады. Процедурадан бір күн бұрын бұршақ, қырыққабат, газдалған сусын және балғын көкөніс сияқты газ шығаратын тағамнан бас тартқан жөн. Трансвагинальды УДЗ, керісінше, бос қуық кезінде орындалады. Егер сізде ультрадыбыстық зерттеуге дайындалуға қатысты дәрігерден арнайы нұсқаулар болса, оны міндетті түрде орындаңыз», - деп атап өтті Қаракөз Әбусейітова.
Жүкті болу мүмкіндігі болса, процедурадан бұрын бұл туралы дәрігерге міндетті түрде айтыңыз.

Әйелдердің кіші жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуіне дұрыс дайындығы дәл диагноз қоюдың және ықтимал патологияны уақтылы анықтаудың негізі екенін есте ұстаңыз. Қарапайым ұсыныстарды орындау сізге ақпаратты нәтижеге қол жеткізуге және процедураны жеңілдетуге көмектеседі. Дәрігердің нұсқауларын орындап, сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз болса, дәрігерден кеңес алуды ұмытпаңыз.