Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, ардақты медицина қызметкерлері!

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атынан сіздерді кәсіби мереке - Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осындай мереке күні өмірін игі іс - адам денсаулығына қамқорлық жасауға арнаған барша маманға зор ризашылығымыз бен құрметімізді білдіргіміз келеді. Сіздердің жұмысыңыз мамандық қана емес, зор еңбек, білім мен жанашырлықты қажет ететін кәсіп пен миссия. Сіздер біздің заманымыздың нағыз батырысыздар, күш-жігер мен адалдығыңыз жоғары мақтауға лайық.
Сіздердің қоғамдық денсаулыққа қосқан үлесіңізді асыра бағалау мүмкін емес. Пандемияның қиын кезеңінде сіздер бүкіл әлемге шынайы батылдық пен берілгендіктің не екенін көрсеттіңіздер.
Сіздер барлық қиындық пен тәуекелге қарамастан, мұқтаж адамдарға көмек көрсете отырып, алдыңғы қатарда тұрасыз. Сіздердің күш-жігеріңіз өмірді сақтайды. Сол үшін мың тағзым мен шексіз алғыс.
Сіздерге және сіздің отбасыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық және еңбекте табыс тілеймін.
Әр күн сіздерге қуаныш, атқарылған жұмысқа қанағаттану және пациенттердің ризашылығын әкелсін. Сіздердің күш-жігеріңіз әрқашан бағалансын, ал еңбек жолыңыз әріптестер мен қоғамның құрметі және мойындауымен өтсін.

Ізгі ниетпен, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков