Жатыр мойны эрозиясы — әр түрлі жастағы әйелдерде кездесетін ең көп таралған гинекологиялық жағдай.
Алматы №36 қалалық емханасының дәрігер-гинекологы Айбарша Тәжекованың айтуынша, жатыр мойны эрозиясы назар аударуды қажет ететін, бірақ дереу емдеуді қажет ете бермейтін ауру. Жатыр мойны эрозиясын емдеу туралы шешім бірнеше факторға байланысты.
— Егер эрозия ыңғайсыздықты, қабынуды не басқа патологиялық өзгерісті тудырмаса, көп жағдайда гинекологтың тұрақты бақылауы жеткілікті. Эрозия физиологиялық болуы және емдеуді қажет етпеуі мүмкін. Ауырсыну, нормадан тыс бөліну немесе қабыну сияқты белгілер болса, емдеу қажет. Қабынудың себебін жою маңызды, ол инфекциямен немесе басқа факторлармен байланысты», — дейді Айбарша Тәжекова.
Гинеколог жатыр мойны эрозиясы инфекциялардың, дисплазияның (ісік алдындағы жағдай) және жатыр мойны обырының даму қаупін арттыруы мүмкін екенін атап өтеді. Мұндай жағдайда мұқият бақылау және емдеу қажет. Емдеу консервативті болуы мүмкін, ол қабыну процесі болған кезде қолданылады. Бактерияға қарсы, вирусқа қарсы препаратты, сондай-ақ қабынуға қарсы препаратты қолдануды қамтиды.
Физикалық емдеу әдістері – криодеструкция: патологиялық тінді жою үшін төмен температураның әсер етуі. Лазерлік терапия: зақымдалған эпителийді жою үшін лазерді қолдану.
Диатермокоагуляция: коагуляциялық (ұйыған) тіндерге жоғары жиілікті токтың әсер етуі.
Радиотолқын терапиясы: ауру аймақты жою үшін радиотолқынды пайдаланады.
Хирургиялық араласу, дәрігердің айтуынша, эрозияның ауыр түрінде немесе дисплазия болған жағдайда қолданылады.
«Жатыр мойны эрозиясының даму қаупін азайту үшін тұрақты гинекологиялық тексеруден өту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу үшін контрацепцияның тосқауылдық әдістерін қолдану, дұрыс тамақтану және жаман әдеттерден бас тартуды қоса алғанда, жеке гигиенаны сақтау керек», – деп түйіндеді Айбарша Тәжекова.
Алдын алу шараларын сақтау және тұрақты медициналық тексеру денсаулықты сақтауға және ауыр аурулардың асқынуының алдын алуға көмектеседі.