Астма не демікпе - тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы, ол бронхтың әр түрлі тітіркендіргішке сезімталдығының жоғарылауымен сипатталады.
Алматы №36 қалалық емханасының дәрігері Әсел Ералықызының айтуынша, демікпе тыныс алудың тарылуымен білінеді, көбіне ысқырықты немесе шулы тыныс алумен, кеудедегі қысылу сезімімен және жөтелмен бірге жүреді.
Бұл белгілер әр түрлі факторға, соның ішінде аллергендерге, суық ауаға, физикалық белсенділікке, стреске және инфекцияларға байланысты болуы мүмкін.
Демікпе кезінде дәрілік терапия көмектеседі, ол дәрі-дәрмектің екі түрін қолдануды қамтиды: қабынуға қарсы (глюкокортикостероидтар) және бронходилататорлар (бронхты кеңейтетін құралдар). Олар қабынуды бақылауға және тыныс алу жолдарын кеңейтуге көмектеседі.
Демікпе кезінде дәрігер аурудың симптомдарын күшейтетін фактордан, атап айтқанда, түтін, шаң, тозаң, аллергендер, инфекциялар және т.б. аулақ болуға кеңес береді.
Дәрігерге жүйелі түрде барып тұру астманы бақылауда ұстауға және қажет болған жағдайда емдеуді түзетуге көмектеседі.
Демікпенің алдын алу темекі шегуден бас тартуды және темекі түтіні әсерінен аулақ болуды қамтиды, өйткені темекі шегу демікпенің дамуы мен оның белгілерін нашарлататын негізгі қауіп факторы.
Сондай-ақ Әсел Ералықызы салауатты өмір салтын ұстануға және дәрігерлердің ұсынысын толық орындауға кеңес береді.