Алматылық хирургтар 20 жастағы науқасты өлімнен арашалап қалды

Алматылық хирургтар 20 жастағы науқасты өлімнен арашалап қалды

Орталық қалалық клиникалық   ауруханаға іштің ауруы, жүрек айнуы, құсу және іштің желденуі шұғыл көрсеткіштермен 2003 жылы туған науқас түсті. Зерттеулер лейкоциттің жоғары деңгейін және қандағы қабыну өзгерісін көрсетті, бұл жедел қабыну жағдайының белгісі. Барлық аспаптық тексеруден кейін хирургтар: сигма тәрізді ішектің 180 градусқа бұрылуы кесірінен туындаған жедел тоқ ішек өтімсіздігі – долихосигма диагнозын қойды.

Ауру тарихы науқастың  емделуден бірнеше күн бұрын дефекация және газ шығарудың болмауын көрсетті. Бірден жедел ота жасау қажеттігі айтылып, науқастың өмірін сақтап  қалу қажет болғандықтан анастомозбен сигма тәрізді ішектің лапароскопиялық резекциясын жасау жөнінде шешім қабылданды.

«Ота барысында сигма тәрізді ішекті мобилизациялау және резекциялау, сондай-ақ ішек жолдарының қалыпты анатомиясын қалпына келтіру жүргізілді. Ота 2 сағат 40 минутқа созылды, лапароскопиялық әдіспен төрт пункция және сол жақ мықын аймағында бір мини-кесу қолданылды. Бұл тәсіл жарақаттануды азайтуға және науқасты қалпына келтіру процесін жеделдетуге мүмкіндік берді», – дейді ОҚКА   хирургі Марат Әбжанов.

Хирургтардың уақтылы араласуының арқасында науқас аман қалды. Науқас отадан кейінгі екінші күні өздігінен қозғала бастады және бес күннен кейін қосымша ұсыныстармен амбулаториялық емге үйге шығарылды.