ЖҮКТІЛІКТІ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ ҮЗУ ҚАУІПТЕРІ

ЖҮКТІЛІКТІ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ ҮЗУ ҚАУІПТЕРІ

Жүктілікті жасанды түрде үзу қаупі туралы №18 Қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Әйгерім Қасымбекова айтып берді.

«Жүктілікті жасанды түрде үзу босанған, сонымен қатар, босанбаған әйелдер үшін де бірдей қауіпті. Дегенмен, бірінші жүктілікті үзген жағдайда салдары аса қиын болмақ. Жас қызбалаларға бұл деген бедеуліктің болу қаупіне әкеледі. Статистика бойынша, 100 қыздың 25-і түсіктен соң ешқашан ана болу қуанышын сезбей кетеді. Сондықтан да, бірінші жүктілік босанумен аяқталғаны дұрыс»- деді маман.

Дәрігердің айтуынша, адамның ағзасына әсіресе жүктілікті хирургиялық әдіспен үзу өте зиян.

«Ондай әдіс ісіп қызару процесіне апарып, эндометрияға және сондай-ақ, эндометритке зияндық келтіреді және етеккір циклының бүлінуіне әкеледі»,- деп атап өтті Әйгерім Қасымбекова.

Егер жүктілікті үзу амалы ғана қалса, онда гинеколог дәрі-дәрмекпен жүргізу тәсілін ұсынады. Мысалға, салыстыра кетсек: хирургиялық араласудан кейінгі асқынулар 20% жағдайда, ал, дәрі-дәрмек тәсілінен асқыну тек 6%. Дәрігер қалаусыз жүктіліктің алдын алу туралы кеңес береді. Бүгінгі күнде заманауи медицинада қауіпсіз және тиімді контрацептивтік әдістердің айтарлықтай түрлері жеткілікті. Бұл практикалық түрде кез келген жұптың қалауы және талаптарына сәйкес қалаусыз жүктіліктен сақтану тәсілін таңдау мүмкіндігін береді.

«Негізгі түрде контрацепция тәсілін жұп гинеколог- дәрігерден сенімді ақпарат алғаннан соң ғана таңдауы керек. Қалаусыз жүктілікті үзуді қарастырғанша, одан да сақтанып, жүктілікті қалаған кезінде жоспарлаған дұрыс»- деп Әйгерім Қасымбекова өз сөзін тұжырымдады.