Құрметті әріптестер, қымбатты арулар!
Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Бүгінгі мейрам ізгіліктің, мейірімділіктің, әдеміліктің нышаны.
Қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Біздің ұжымымызда да пациенттердің денсаулығы мен әл-ауқаты Сіздердің адал жұмысыңыз бен кәсіби дағдыларыңызға байланысты.
Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды.
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер.
Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.
Шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын!
Мейрамдарыңызбен!
Ізгі ниетпен, ҚДСБ басшысы Иран Шаметеков