№36 ҚЕ профилактикалық бөлімі мен әлеуметтік қызметкерлері Алғыс айту күніне орай тұрғындарға арнайы іс-шара ұйымдастырды

№36 ҚЕ профилактикалық бөлімі мен әлеуметтік қызметкерлері Алғыс айту күніне орай тұрғындарға арнайы іс-шара ұйымдастырды

№36 ҚЕ профилактикалық бөлімі мен әлеуметтік қызметкерлері Алғыс айту күніне орай тұрғындарға арнайы іс-шара флип чат ұйымдастырды, онда емханаға келген әрбір келуші жылы сөз бен тілек қалдыра алды.

1 наурыз Қазақстанның барлық тұрғыны үшін ерекше күн. Көктемнің алғашқы күні бүкіл халық Алғыс айту күнін мерекелейді. Бұл мереке қиын жағдайға тап болған адамдарға қамқорлығы үшін қазақ халқына деген алғыс пен құрметтің белгісі.

Осы мерекеге орай №36 ҚЕ қызметкерлері тұйымдастырған флип чат қазақ халқына деген ризашылық білдірудің тамаша тәсілі болды.

Осы сәтті пайдаланып емхана пациенттері медицина қызметкерлеріне де алғысын білдірді. Пациенттер ақ халатты абзал жандарсыз өмірінің әлдеқайда қиын болатынын түсініп, соны сөз етті. Осы Алғыс айту күнінде Қазақстанды ерекше және күшті ететін бірлік пен өзара көмек екенін бәріміз түсінеміз.

Өзге адамдардан көрген мейірімділік пен қамқорлық үшін шүкір етейік. Ал бұл алғыс сөз жүзінде ғана емес, еліміздің бұдан да көркейе түсуіне септігін тигізетін іс жүзінде болсын.