Балаларды мерекемен құттықтады

Балаларды мерекемен құттықтады

«Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсанында, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «5 қалалық емхана» КМК қызметкерлерімен ҚҚ «Антигепатит» басшысы Сергей Анатольевич Бирюкововтың қолдауымен созылмалы «С» гепатиті бар балаларға арналған мерекелік іс -шара өткізілді.

2019 жылдың қараша айынан бастап ШЖҚ «5 қалалық емхана» КМК базасында орналасқан Қалалық гепатологиялық орталық (бұдан әрі - орталық). Созылмалы вирус «В» , «В+Д», «С» гепатиттерімен ауыратын балаларға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Қазіргі таңда гепатологиялық орталықта 132 бала тіркеуде тұр.
Созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын балалардың көпшілігінде онкологиялық патологиялар жиі кездеседі.
Орталық балалардағы бауыр фиброзының дәрежесін анықтайтын арнайы S-датчигі бар барлық қажетті құрал-жабдықтармен, «Fibroskan» аппаратымен жабдықталған. Зерттеуді жоғарғы санатты дәрігер Нұрланова Ардақ Нұрәділқызы жүргізеді.
Созылмалы вирустық гепатитпен ауыратын балалардың көпшілігінде онкологиялық патологиялар жиі кездеседі. Химиотерапияның фонында бауырға дәрілік зақым қосылады, бұл да аурудың ағымын ауырлатады.
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету шеңберінде орталықта келесі дәрі-дәрмектер тегін беріледі: Софосбувир 400мг, Ледипасвир 100мг ( Саудалық атауы «Лисоф», С гепатитін емдеу үшін 1 генотипті, дене салмағы 30-35кг.

ШЖҚ «5 қалалық емхана» КМК әкімшілігі және Қалалық гепатологиялық орталықтың мамандары, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына және ҚҚ «Антигепатит» басшысы С.А.Бирюков пен серіктес ұйымына балаларға арналған вирусқа қарсы дәрілерді, дәрілік тізімдерді енгізу үшін көп күш жұмсаған серіктестерге үлкен алғысын білдіреді. Біз бірге мақсатқа жетеміз, біз бірге жеңеміз! Қазіргі таңда гепатологиялық орталықта, созылмалы гепатит С ауруына шалдыққан балалардың ұраны.