№5 қалалық емханада мүмкіндігі шектеулі балаларға аниматорлармен бірге патронаждық кешені ұйымдастырылды

№5 қалалық емханада мүмкіндігі шектеулі балаларға аниматорлармен бірге патронаждық кешені ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күні - жыл сайын 1 маусымда тойланатын ауқымды іс-шара.

ШЖҚ “5 қалалық емханада” КМК, мүмкіндігі шектеулі балаларға педиатр дәрігерілері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және де аниматорлармен бірге патронаждық кешені ұйымдастырылды.
Балалар педиатр дәрігерінің тексерісінен өтіп, психолог маманымен әңгімелесу жүргізіліп, естелікке сыйлықтар таратылды. Балалар мен олардың ата-аналары емхана қызметкерлеріне өте риза болып, алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар балалар мерекесіне орай, балаларға ашық есік күні ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шара аясында балаларды педиатр дәрігері мен арнайы мамандар: көз дәрігері, невропатолог дәрігері, хирург дәрігері тексерді.
Мәжіліс залында аниматорлардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, байқаулар, ойындар мен билер ұйымдастырылып, әр бала өзінің шығармашылық қабілеттерін, ойлау қабілеттерін көрсете білді. Іс- шараның барлық қатысушыларына мақтау қағаздарымен марапатталып, естелікке сыйлықтар табысталды.

Қымбатты балалар, біздің ең жақсы құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, тамаша көңіл-күймен мол бақыт, бақытты балалық шақ тілейміз! Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпесін!