№26 қалалық емхананың бас дәрігері және медициналық ұйымның қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

№26 қалалық емхананың бас дәрігері  және медициналық ұйымның қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнімен  құттықтады

№26 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Тұрысбекова және медициналық ұйымның қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күнімен ата-аналар мен балаларды құттықтады.

"Ата-ана, ата-әже, тәрбиешілер, дәрігерлер, балаларға жомарттықпен шынайы сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсететіндердің барлығы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасағаны .шін шын жүректен алғыс білдіремін. Емхана тарапынан біз балаларымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барынша күш саламыз. Бұл күні мен сіздің балаларыңызға зор денсаулық, жақсы көңіл - күй және мүмкіндігінше қуанышты эмоциялтілеймін", - деп атап өтті бас дәрігер.
Бұл күні кішкентай пациенттер Ашық есік шеңберінде бейінді мамандар: невропатолог, стоматолог, эндокринолог, отоларинголог, психологтың консультациясынан өтті. Балаларға арналған аудиограмма өткізілді.
Іс-шара “Бақытты балалық шақ" атты байқаумен жалғасты, балаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Әрі қарай аниматорлардың (өлең, ән, би) қатысуымен концерт өтті.

Балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін біз жауапты екенімізді ұмытпайық!