"Балаларға қуаныш сыйла" қайырымдылық акциясын өткізді

"Балаларға қуаныш сыйла" қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін "Жас ұрпақ" ЖДО-ның қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай есту бұзылысы бар балаларға арналған №5 арнайы (коррекциялық) мектеп-интернатқа барды және "Балаларға қуаныш сыйла" қайырымдылық акциясын өткізді. Балаларға 40 футболка сыйға тартылды, ойындар өткізді. Мерекеге Жас атты қонжық киімін киген аниматордың сыйлықтармен және түрлі-түсті шарлармен келуі балалар үшін тосын сый болды. Балалар шын көңілдерімен қуанды!