Алматы қаласы №4 ҚЕ педиатрия бөлімшесінде ашық есік күні өтті

Алматы қаласы №4 ҚЕ педиатрия бөлімшесінде ашық есік күні өтті

Алматы қаласы №4 ҚЕ педиатрия бөлімшесінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. Кардиолог дәрігер, доцент З.Г., Давлетгильдеева, невролог дәрігер А.Ж. Жадыкова, дерматолог дәрігер А.Н.Аринова, хирург дәрігер, доцент Д.У. Смагулова, гастроэнтеролог дәрігер, доцент И.З. Мамбетова қабылдау жүргізді. №4 ҚЕ бейінді мамандары невропатолог Можак А.Ж, хирург Барышева О.В, окулист Касымжанова К.А. мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып қарады.

Бүгін балалар бөлімшесінде мерекелік көңіл-күй! Фойеде балаларды медицина қызметкерлері қарсы алды, түрлі-түсті шарлар, бояғыштар таратып, мерекемен құттықтады. Емханаға тіркелген мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар "Әлем менің көздеріммен" және "Мен және менің жанұям" атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті.

"Жаздың алғашқы күні біз Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеміз. Біз балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық",- деді бас дәрігердің балалар бойынша орынбасары Мадьярова Сауле Мухамадиевна.