26 мамырда Алматы онкология орталығы тегін тексеру жүргізеді

26 мамырда Алматы онкология орталығы тегін тексеру жүргізеді

Қабылдау уақыты: 09.00 - 13.00 аралығы.

Дүниежүзілік меланома және тері қатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай, 26 мамырда сағат 09.00 – 13.00 аралығында Алматы онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді, деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Шараның басты мақсаты – тері обырын ерте анықтап, алдын алу.

Алматы онкологиялық орталығының мәліметінше, орталықта тері қатерлі ісігі диагнозымен 3,5 мыңға жуық адам есепке алынған. Сондай-ақ, жыл сайын мыңға жуық аталған диагнозбен есепке қойылады.