Күн тиген жағдайда не істеу керек?

Күн тиген жағдайда не істеу керек?

N26 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Анель Досбода жылу жүрек-қантамыр жүйесі үшін өте қауіпті екенін, тіпті ыстық мезгілде күн тигеннен жас жігіттің де өліп кетуі мүмкін екенін атап өтті.

 «Артық салмағы бар және ұдайы отырып жұмыс істейтін адамдар, 75 жастан асқандар, нәрестелер мен жүкті әйелдер ең осал болып табылады. Спортшылар, ауыр дене еңбегімен айналысатындар да қызып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек ауруы, психиатриялық бұзылулар сияқты аурулары бар адамдардың жағдайын нашарлатуы мүмкін», - деп қосты дәрігер. 

Жаздың ыстық күндерінде дәрігер өзін ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғауға кеңес береді. Ыстықта жұмыс істеу белсенділігін азайту, салқын бөлмеде ұзақ тұру, көп су ішу, табиғи матадан жасалған кең киім кию және басыңызға бас киім немесе қалпақ кию қажет. Күн ысып тұрған кезде күн астында серуендеуден аулақ болыңыз. Негізінен таңғы сағат 11-ден  түстен кейінгі 15.00-ге дейін серуендеген жөн, сондай-ақ салқын бөлмеде көбірек болыңыз.
Егер күн тиген болса, бірінші кезекте денені демалту және жылу алмасуды қалпына келтіру қажет. 

«Артық, кедергі келтіретін киімді шешіңіз. Мүмкін болса, денеңізді сумен салқындатыңыз. Ең дұрысы, дымқыл сүлгіні немесе майлықты басыңызға орап алыңыз. Буланған су температураны төмендетуге көмектеседі. Егер сергітетін салқын душ қабылдау мүмкіндігі болса, оны дереу жасаңыз! Негізгі міндет - денені дереу салқындату. Есіңізде болсын, күн өтудің шапшаңдығы сондай, қалай күн тигенін білмей де қаласыз», - дейді маман. 

Егер адамның жағдайы жақсармаса, Анель Досбода жәбірленушіге жедел жәрдем шақыруға немесе оны ауруханаға жеткізуге кеңес береді.