Мейірімді медбике туралы

Мейірімді медбике туралы

Денсаулық сақтау саласында қосалқы, елеусіз рөлдер жоқ: адам өмірі мен денсаулығы үшін күрестің табысты болуы әрбір маманға байланысты. Көп нәрсе медбикелердің қолында: бірде-бір дәрігер сенімді тылсыз жұмыс істей алмайды. Ал бас медбике оның үстіне көптеген ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді.

Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) бас медбикесі Қошамбекова Алуа Нұрғазымқызы
Жалпы еңбек өтілі – 29 жыл
Алуа Нұрғазымқызы еңбек жолын ЖШККА-да операциялық медбике ретінде бастаған. Түрлі уақытта жансақтау бөлімінің аға медбикесі, травматология бөлімшесінің аға медбикесі, операциялық блок аға медбикесі, аурухана әкімшілігінде жұқпалы аурулар медбикесі қызметтерін атқарған.
ҚЖШККА-да істеген 30 жылға жуық уақыт ішінде аурухана оның үйіне айналды, ол әр бөлімнің дерлік жұмысын, аурухананың әр бұрышын біледі.
2016 жылдан бастап Алуа Нұрғазымқызы бас медбике.
Ол үшін ең бастысы адамдарға көмектесу ниеті. Оның айтуынша, медбикелер мен мейіргерлер кәсіби жан-жақты болуы керек және тазалық сақтау, науқастарды күту, талдамалар алу, құжаттамамен жұмыс істеу - бәрін білуі керек.
Алуа Нұрғазымқызы жоғары білікті жауапты маман, әріптестері арасында лайықты құрметке ие және жас мамандарға тәжірибесі мен білімін қуана бөліседі:

- Мейіргер өз жұмысын жақсы көруі, біліктілігін үнемі арттыруы және бүкіл қоғамның игілігі үшін адал еңбек етуі керек, - деп атап өтеді ҚЖШККА бас медбикесі.