Ляйли Кадыровна Кудеринова қолы алтын хирург дәрігер! Алматы қаласындағы №4 Қалалық емханада 20 жылдан аса еңбек етіп келеді.
Қарағанды медицина училищесін бітірген соң еңбек жолын Шахтерск ауруханасының травматология бөлімшесінде операциялық мейірбике лауазымынан бастады. 1999 ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтын хирургия мамандығы бойынша бітірген. Осы ауруханада хирург-травматолог дәрігер ретінде жұмысын жалғастырды. 1993 ж. Алматы қаласына көшіп келді. 12 жыл бойы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс хирургы болды.
Ляйли Кадаровна - жоғары санатты хирург. Оның науқастарды емдеу әдістері жақсы нәтижелер береді. Ол өзінің мол тәжірибесін, білімін, организмнің жеке ерекшеліктерін ұштастыра біледі.
Осының бәрі науқастың тез сауығып кетуіне ықпал етеді. "Хирургия - медицинадағы көп жақты, күрделі, қиын да жауапты бөлім",- дейді Ляйли Кадыровна. "Біздің мамандық әртүрлі қиын операциялар жасауды қарастырады.
Операция жасау арқылы хирургтар пациенттерге түрлі жарақаттардың зардабынан құтылуға көмектеседі, консервативті ем арқылы жазылуы мүмкін емес патологияларды жояды. Күн сайын мен адамдарға көмектесемін, менің жұмысым таңертең ерте басталады. Көмек қажет ететін адамдардың бәріне көмектесіп үлгеруім керек".
Ляйли Кадыровнаның сүйікті ісі - ән айту. Ол ән айтуды, әсіресе опера мен халық әндерін айтуды жақсы көреді. Тағы да бір жақсы көретін ісі - тауға шығу.