Алматыда 17 медициналық ұйымда сенбі күні сүт безі қатерлі ісігіне тегін тексеру өтеді

Алматыда 17 медициналық ұйымда сенбі күні сүт безі қатерлі ісігіне тегін тексеру өтеді

15 қазан таңғы сағат 09:00-ден түскі 13:00-ге дейін қалалық емханаларда (5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 15, 17, 18, 23, 24, 25, 36), Алматы ауданының БМСК орталығында, N5 қалалық клиникалық ауруханасында және Алматы Онкологиялық орталығында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді.

Барлық әйелдер қауымы осы күні онколог-маммолог сынды жетекші мамандарының профилактикалық тексерулерінен өте алады.

Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық әйелдер қауымын мамандардың тексеруінен өтуге шақырады.

Науқан сүт безі бойынша қатерлі ісікке қарсы күрес айлығы аясында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы Онкологиялық орталығы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап және әр сенбі сайын (1,8,15,22,29) ауруды ерте анықтау үшін Ашық есік күндерін өткізеді.

Статистикаға сәйкес, жыл сайын қалада сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын 700-ге жуық әйел анықталады, яғни,
қалада күн сайын осы патологиямен әрбір 2-ші әйел ауырады.

Ерте анықталған ауруды толық емдеуге мүмкіндік бар екенін ұмытпағаныңыз абзал!

Дер кезінде басталған ем — сіздің сұлулығыңызды, денсаулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтаудың кепілі!

Ашық есік күні өтетін медициналық ұйымдардың тізімі:

Алматы қалалық онкологиялық орталығы
Папанин көшесі, 220 литер А
+7 (727) 312-24-74

№5 Қалалық клиникалық ауруханасы
Достық даңғылы, 220
+7 (727) 264-22-77

№5 Қалалық емханасы
Мақатаев көшесі, 141
+7 (727) 344-98-04

№6 Қалалық емханасы
4 ықшам ауданы, 3А
+7(727) 276-09-09

№9 Қалалық емханасы
Шолохов көшесі, 17
+7(727) 299-57-75

№10 Қалалық емханасы
Ақсай-4 ықшам ауданы, 17
+7(727) 373-28-40

№11 Қалалық емханасы
Жұмабаев көшесі, 87
+7 (727) 252-21-21

№12 Қалалық емханасы
Попов көшесі, 23
+7(727) 312-24-84

№13 Қалалық емханасы
Сейфуллин көшесі, 97
+7(727) 223-21-20

№15 Қалалық емханасы
Достық ықшам ауданы, Жайдарман көшесі, 17
+7 (727) 256-23-67

№17 Қалалық емханасы
Басенов көшесі, 2
+7 (727) 391-02-91

№18 Қалалық емханасы
Ықылас көшесі, 1Г
+7 (727) 221-18-18

№23 Қалалық емханасы
Жалайыр көшесі, 34
+7 (727) 341-05-15

№24 Қалалық емханасы
Земнухов көшесі, 3/1
+7 (727) 312-24-90

№25 Қалалық емханасы
Алтай көшесі, 24/1
+7 (727) 333-14-75

Алмалы аудандық БМСК орталығы
Төле би көшесі, 157
+7(727) 379-69-76

№36 Қалалық емханасы
Шұғыла ықшам ауданы, 340А
+7 (727) 305-36-43