Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық аурухана жартығасырлық мерейтойын атап өтуде

Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық аурухана жартығасырлық мерейтойын атап өтуде

Орталық қалалық клиникалық аурухана 1971 жылы ашылды және сол кездері №12 Қалалық клиникалық аурухана деп аталды. Ең басында 130 төсек-орынға үш бөлімше, екі терапевттік және гематологиялық бөлімше ашылды. Содан соң 2 терапевттік бөлімше және неврология бөлімшесі ашылды. Бірте  бет-жақ сүйегі хирургиясы бөлімшесі, ЛОР, 2 офтальмология, 2 хирургиялық және ангиохирургиялық бөлімшелері ашыла бастады.    

Осылайша, аурухананың төсек-орын қоры көбейіп, көрсетілетін көмектің салалары мен түрлері кеңейтіле бастады, медициналық жабдықтармен қамту және білікті мамандармен жинақтау деңгейі өсе бастады. 1980 жылы Орталық қалалық клиникалық ауруханада 1140 төсек-орын қарастырылып, 1700 қызметкер жұмыс жасаған.  

Қазіргі кезде Орталық қалалық клиникалық ауруханада қабылдау бөлімшесі, анестезиология және реанимация бөлімшесі, жоспарлы және шұғыл операциялық блоктар, 20 салалар бойынша 24 клиникалық бөлімшелер, клиникалық-диагностикалық зертхана, сәулелік және функционалдық диагностика бөлімшесі, физиотерапия және медициналық оңалту бөлімшесі, консультативтік-диагностикалық орталығы және күндізгі стационар қызмет етуде. 

Күнделікті Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмекке 130 мыңнан астам адам жүгінеді, оның ішінде, 20 мыңнан астамы стационарлық емдеу алады, 10 мыңға жуық адамға шұғыл операциялық араласу жүргізіледі, сонымен қатар, шағын инвазивті түрде: эндоскопиялық, рентген-ангиографиялық және артроскопиялық операциялар түрі.

Емханада жамбас буынына, тізе буынына эндопротез жасау операциялары сәтті өтеді. Қазіргі заманғы бекіткіштер мен импланттарды қолдану арқылы омыртқаға шұғыл операция жүргізіледі. Құрсақ қуысы мен кеуде қуысына, ірі тамырларға күрделі эндоскопиялық операциялар жасалады.  

Емхана директоры Нариман Табынбаевтың айтуынша, жыл сайын заманауи жоғары технологиялық емдеу және диагностикалау әдістері енгізіліп, жаңа бөлімшелер мен қызметтер ашылып отыр.

«Биылғы жылы жаңа заманауи ангиограф сатып алынып, интервенциялық кардиология бөлімшесі ашылды. Жылдың басынан бері         100-ден аса коронография, сонымен қатар, тәжартерияны стенттеу жүргізілді. Жүрекке кардиохирургиялық және басқа да интервенциялық араласуларды енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, урология базасында Қалалық урология және андрология орталығы құрылды. Онда қуық асты безінің қатерсіз ісігіне лазерлік вапоризация және жанамасыз соққы-толқынды  литотрипсиясекілді шұғыл операциялық араласудың инновациялық әдістері енгізіліп жатыр»- деді аурухана басшысы.

Аурухана қызметкерлерінің  COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресудегі баға жетпес қызметтерін атап өту қажет. Пандемия кезіңде, 2 жыл бойы ОҚКА COVID-19 инфекциясымен ауратын науқастарды емдеубойынша 1-эшелонды жұқпалы аурулар стационарына қайта өзгертілді. Мұнда ең қатты ауырған науқастар, оның ішінде, хирургиялық  тұрғыда  араласуды қажет еткендер жеткізілген.  

Осы кезеңде ОҚКА-да COVID-19 инфекциясымен ауырған 11 мың науқас емделіп, «ковидтік» науқастарға 100 операция жасалған.

Көптеген жылдар бойы емхана еліміз бойынша ересектерге арналған стационарлар арасындағы Ұлттық рейтингте бастамашылық орнында. Және бүгін емханамыз бар абыроймен өзінің жартығасырлық мерейтойын  атап өтуде.

Қаланы дамыту тараптарында , Алматы қаласының әкімдігімен жақын арада Алматы қаласының тұрғындарына және жалпы еліміз бойынша мамандандырылған және жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін барлық  заманауи талаптарға сәйкес, 600 төсек-орыннан тұратын аурухананың жаңа емдік корпусының құрылысын бастау жоспарлануда. Біз, ОҚКА 50- жылдық мерейтойының жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болатынына кәміл сенеміз. 

Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухана негізі еліміздегі емдеу мекемесінің жетекшілік ететін және медицина мамандарының шеберлерінің орналасқан  ұйымының бірі болып саналады. Қазіргі кезде ауруханада 1200 адам, оның ішінде, 220 дәрігер, 450 мейірбике, 268 кіші медицина қызметкері және басқа қызметтегі 230 адам жұмыс істейді. 

Көптеген кезеңдер бойы аурухана Котляренко Марк Львович, Турабаев Әбдібек Турабайұлы, Тәжиев Есентай Бөдесұлы, Абдуллаев Марат Шадыбайұлы, Турдалин Нұрлан Бостыбайұлы, Жувашев Алмас Болатұлы, Табынбаев Нариман Болтйұлы, Медеубеков Ұлықбек Шалқарұлы секілді  денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушыларының басшылығында болды. 

Міне, 50 жыл бойы Орталық қалалық клиникалық аурухана тек Алматы қаласының ғана емес, еліміз бойынша медицинаның біліктілік саласының көшбасшысы болып қалады.