Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерінің кездесуі өткізілді

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерінің кездесуі өткізілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай – ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюро басшысы Ханс Клюге «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» Қазақстандық медицина университетіне (әрі қарай – Университет) келді.
Өңірлік бюро басшысының Қазақстанға сапары университет бойынша экскурсиялық турдан басталды. Университет басшылығы ДДҰ өкілдеріне Еуропалық аймақтық бюросын 1985-2000 жылдары басқарған директор др. Джо Эйрик Асвалл естелігіне ашылған «Джо Асвалл атындағы аудиториясымен» таныстырды. Содан кейін коворкинг кеңістік кітапханасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірегей материалдары бар көрмесі ұсынылды.
Университет ректоры Ботагөз Тұрдалиева өз сөзінде университеттің соңғы жетістіктері мен алдағы даму жоспарлары туралы атап өтті. Іс-сапар барысында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюро басшысы арнайы Университет ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жоғары оқу орнына сапарын қорытындылай келе, Ханс Клюге «Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті кадрлар даярлау бойынша жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін» – атады. Іс-шара аясында Х.Клюге Алматы қаласының медицина қауымдастығымен, университет түлектерімен және білім алушыларымен ашық интерактивті форматта кездесіп, өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында қоғамдық денсаулықты дамытуға және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін др. Ханс Клюгеге «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» Қазақстандық медицина университетінің «Құрметті профессоры» атағын Университет ректоры Ботагөз Саитқызы тапсырды.
Университет кеңес одағы кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау менеджментін және осы саладағы ғылыми зерттеулер мәселелерінде көшбасшы позициясын сақтаған жоғары оқу орындарының бірі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Университет ұжымын бүгінгі мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз сәттілік пен жаңа жетістіктерге жетелей берсін!