Сынықты шығып кету немесе соғып алудан қалай айыра білу керектігін қазақстандық травматолог айтып берді.
Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматолог айтып берді. Сарапшы атап өткендей, аяқтың сынуы шығып кету немесе сіңірінің созылуынан қатты ауыруы мен іс-қимылдау қабілеті бұзылып, ашық түрде ісік және қанның ұйылуы пайда болады.
Иықтың шығып кетуі – иықтың буыны бұдан бұрын зақымданған адамдарда кездесетін аса жиі патология. Шығып кеткенде адам қатты ауырғанды сезініп, буыны мен аяқ-қолы қозғалмай қалады. Егер бұл қол болса, онда ол салбырап қалып, иық жағында шұңқырша пайда болады. Дәрігер шығып кеткенде өз бетімен орнына қоюды дұрыс деп санамайды.
«Аяқтың сынуы оның шығып кетуі немесе сіңірінің созылуынан қатты ауырып іс-қимыл тірегінің бұзылуымен ерекшеленеді, адам тұрғысы келеді, бірақ тұра алмайды, ашық түрде ісік пен қанның ұйылуы лезде пайда болады»- деп түсіндірді маман.
Дәрігердің айтуынша, аяқ жамбастың мойыны сынған кезде, сыртқа шығып кетеді де зақымданған аяқ-қолдың қысқарып қалғаны байқалады және жабысқақ табан синдромы анықталып пациент созылған аяғын көтере алмай қалады. Сыныққа күмәнданған диагнозды дәлелдеудегі қандай да бір жағдайда сынықты рентгенге түсіру қажет, жұмсақ тіндері зақымданған кезде – УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) немесе МРТ (магниттік-резонанстық томография) жасау керек- деді травматолог