
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл "Балалар жылы" деп жариялады. Балалардың амандығы – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Сондықтан 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы тегін емес.
Бүгін № 20 Қалалық емхана ұжымы осы мереке аясында жоспарлы іс-шара өткізді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін цирк қойылымына билеттер таратылды.
«Жаңа Қазақстан – Бақытты балалық шақ» тақырыбында үздік сурет салу үшін қызметкерлердің балалары арасында байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Балалар күні мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аниматорлармен концерттік мереке өтті. «№20 Қалалық емхана» қызметкерлерінің балаларына дипломдар мен естелік сыйлықтарымен марапатталды. Балалар көтеріңкі көңіл күйге және қуанышқа ие болды.
Әрбір бала бақытты болуға лайық!