АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ АВТОПАРКІ ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ АВТОПАРКІ ЖАҢА РЕАНИМОБИЛЬДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Алматыдағы соңғы тәртіпсіздіктер кезінде 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті. Осындай қиын-қыстау кезеңде «ASTANA MOTORS» ЖШС компаниясы Алматыдағы Жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 6 реанимобиль сыйға тартты.
«Қазақстандағы қаңтардың қайғылы оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақтың «Ырыс алды – ынтымақ» деген мақалы бар. Бүгінгі таңда әрқайсымыздың қоса алатын ең құнды үлесіміз – бір-бірімізге деген құрметімізді сақтап, болашақ ұрпақ үшін еңбек ету», – деп «Нұрлан Смағұлов атындағы қордың директоры» Айдын Сұлтанов атап өтті.
«Алматыда қаңтар айының басындағы қайғылы оқиға кезінде медициналық ұйымның 32 жедел жәрдем көлігі мен медициналық ұйымның 1 көлігі зақымданды. Сондықтан бүгін беріліп отырған реанимобильдер әсіресе, коронавирустық инфекциясының өсуі мен жедел жәрдем қызметіне жүгінулер көбейіп жатқан заманда өте үлкен көмек болды», - деді Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.
Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігінде тәжірибесі бар дәрігерлер автомобильдің сенімділігін, қауіпсіздігін, функционалдығы мен қызмет көрсетудің қарапайымдылығын атап өтті. Жедел жәрдем көлігінің көлігінің артықшылығы, жайлылық пен жұмсақтығы, бұл дәрігерлерге ауруханаға барар жолда жан сақтау іс-шараларын толық жүргізуге мүмкіндік береді.
Hyundai H350 жедел жәрдем көлігі Кеден одағының техникалық регламенттеріне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Еуро-5 экологиялық стандарттарына жауап береді.
АНЫҚТАМА:

Жаңа реанимобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдету аппараттарымен; өкпені жасанды желдету құрылғылары және оттегімен ингаляциялауға арналған жүйе жиынтығымен; дефибриллятор-мониторларымен; электрсорғыштармен; артериялық қысымды, пульсоксиметрияны, температураны өлшеу функциялары бар реанимациялық-анестезиологиялық мониторлармен және басқа да заманауи жабдықтармен жабдықталған. Реанимобильдің соңғы шыққан моделінде төбесі жоғары орналасқан. Бұл дәрігерге науқасқа тік тұрып көмектесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заманауи жедел жәрдем көлігі жоғары жылдамдықта теңселмеуіне мүмкіндік береді.
Алматыдағы соңғы тәртіпсіздіктер кезінде 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті. Осы қиын кезеңде жедел жәрдем мәселесін шешуге үлес қосу үшін «ASTANA MOTORS» ЖШС компаниясы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Жедел медициналық жәрдем қызметіне 6 жаңа реанимобильмен толықты.