2022 жылдың 20 қаңтарға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат

2022 жылдың 20  қаңтарға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат


2022 жылдың 19 қаңтар күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 2 025 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 876 симптомдық белгілері бар және 149 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 131, келіп түскені – 241.
Инфекциялық стационарларда (2 380 төсек-орын) жалпы саны 1 244 адам (оның ішінде 179 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 71.
ӨЖЖ – 13, инвазивті емес ӨЖЖ – 27, High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 455 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 8008, симптомсыз 447 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 953 адам, 2-компонетты 1 814 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-19.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 1 092 822 адам, 2-компонентты 1 040 794 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 123 697 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 35 158 адам, оның ішінде 1 913 жүкті әйелдер, 7 392 емізулі аналар және 25 853 балалар мен жасөспірімдер егілді.
98 762 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкерлері жұмылдырылды".