2022 жылдың 13 қаңтарға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат

2022 жылдың 13 қаңтарға арналған КВИ және вакцинация бойынша ақпарат

2022 жылдың 12 қаңтар күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 1 205 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1 098 симптомдық белгілері бар және 107 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 44, келіп түскені – 157.
Инфекциялық стационарларда (1 348 төсек-орын) жалпы саны 587 адам (оның ішінде 89 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 36.
ӨЖЖ – 9, инвазивті емес ӨЖЖ – 13, High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 1 943 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 1805, симптомсыз 138 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 117 адам, 2-компонетты 2 270 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-12.01.2022 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 1 082 368 адам, 2-компонентты 1 028 706 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 123 472 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 31 977 адам, оның ішінде 1 761 жүкті әйелдер, 6 498 емізулі аналар және 23 718 балалар мен жасөспірімдер егілді.
73 271 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, базарларда 132 вакцинация пункті жұмыс істейді. 201 вакцинация бригадасында 762 медицина қызметкерлері жұмылдырылды".