Жалпыұлттық аза тұту күні

Жалпыұлттық аза тұту күні

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

Бүгін қаралы күн! Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтады!Еліміздің егемендігі, азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғанын біз қазір бұрынғыдан да жақсы түсінеміз! Террорлар елдің тұтастығына нұқсан келтіріп, бейбіт тұрғындарды негізсіз құрбан қылғанын көрдік.
Біздің күш құрылымдары үшін қаншалықты қиын болғанын және ел басшылығына шешім қабылдаудың қаншалықты қиын болғанын түсіне отырып, үйлестірілген іс-әрекеттер қаламыз бен елімізді қорғауға мүмкіндік берді деп сеніммен айта аламыз!
Барлық мән-жайларды ескере отырып, барлықтарыңыздың үйде отырып, арандатушылыққа бой алдырмауды сұраймыз, біз мемлекет басшылығының елді сақтап қалу, лаңкестерге қарсы іс-қимылға жедел араласқанына, қала басшылары мен құқық қорғау органдарының жедел жұмысына алғыс білдіреміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!