2021 жылғы 15 қазанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат

2021 жылғы 15 қазанға арналған вакцинация және коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ақпарат

2021 жылдың 14 қазан күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 333 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 319 симптомдық белгілері бар және 14 симптомсыз.
Барлық емделіп шығарылғандар – 135, келіп түскені – 144.
Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 341 адам (оның ішінде 38 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 141.
ӨЖЖ – 25, инвазивті емес ӨЖЖ – 80, High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 974 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 850, симптомсыз 124 науқас бар.
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 1-компонентты 1 820 адам, 2-компонетты 2 328 адам вакцинацияланды.
01.02.2021-14.10.2021 жыл аралығында қала бойынша 1-компонентты 975 513 адам, 2-компонентты 895 850 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 119 656 адамды құрайды.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.