Не себепті жедел медициналық жәрдем қызметінің көмегіне жүгіну мүмкін емес

Не себепті жедел медициналық жәрдем қызметінің көмегіне жүгіну мүмкін емес

Соңғы уақытта 103 нөмері, яғни, жедел медициналық жәрдем диспетчерлеріне қоңырау шалу өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес деген шағымдар жиі түсуде. Осы мәселеге байланысты Жедел медициналық жәрдем қызметінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұялы телефонда теру процесіне кедергі келтіретін бірқатар қателіктер анықталды. Сондай қателіктердің бірі, яғни Жедел жәрдем қызметіне шалынған қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел диспетчерлік қызметінің 112 нөміріне бағытталатын болып шықты.
«Beeline» компаниясының ресми ақпараты бойынша, бір ғана себебі бар — қытайлық смартфондар.
«Кейбір танымал қытайлық брендтердің мобильді құрылғыларынан Жедел медициналық жәрдем қызметіне (103), полицияға (102), өрт сөндіру қызметіне (101) және апаттық газ қызметіне (104) қол жеткізу мүмкін емес. Барлық қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызметінің 112 телефон нөміріне бағытталады».

Егер дәл осындай мәселеге тап болсаңыз, терілген нөмірдің алдында 9 санын қосыңыз:
9103 — жедел жәрдем;
9102 — полиция қызметі;
910 — Өрт сөндіру қыметі.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің нөмірін смартфонның жазу кітапшасына сақтап алғаныңыз жөн.