
Алматыда тұмауға қарсы маусымдық вакцинация басталды. Жергілікті бюджет есебінен «Гриппол Плюс» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынды.
Тегін вакцинациядан қауіп тобына жататын тұрғындар өте алады. Олардың қатарында:
* медицина қызметкерлері;
* диспансерлік есепте тұрған және жиі ауыратын балалар;
* жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
* жүктіліктің II және III триместріндегі әйелдер;
* жүрек және тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары бар адамдар;
* медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылар;
* эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинацияланатын адамдар.
Қалған тұрғындар үшін вакцинация ақылы негізде жүргізіледі.
Нысаналы топқа жататын тұрғындарға тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну ұсынылады.
Қазан айы – маусымдық сырқаттану деңгейі өскенге дейін алдын ала қорғаныс қалыптастыру үшін вакцинация алуға қолайлы кезең.
Профилактиканы ұмытпаңыз: қолды жиі жуыңыз, науқас адамдармен байланыстан аулақ болыңыз. Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, дәрігерге жүгініңіз.