2026 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында Альцгеймер ауруы мен деменция туралы хабардарлық айлығы аясында медицина мамандарын, қоғамдық ұйымдар өкілдерін, ғылыми қауымдастық мүшелерін және деменциясы бар адамдардың туыстарын біріктірген пәнаралық ақпараттық-ағарту іс-шарасы өтті.
Іс-шараны С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы, №7 қалалық клиникалық аурухана және №1 ҚКА Қазақстанның Альцгеймер ауруы және деменция жөніндегі альянсы (KA&DA), ҚР Неврологтар қауымдастығы және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Бағдарлама барысында қатысушылар когнитивтік бұзылыстардың ерте белгілерін, деменцияны диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, пациенттерді бағыттау маршрутын, сондай-ақ науқастардың отбасылары мен күтім жасаушыларды қолдау мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары белсенді қатысты. №7 ҚКА неврология бөлімшесінің дәрігер-невропатологы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының ассистенті Нұрмұхамед Мамашаев деменцияны ерте анықтау және когнитивтік бұзылыстардың алғашқы белгілері туралы баяндама жасады.
№7 ҚКА неврология бөлімшесінің дәрігер-невропатологы, MPH, PhD, ҚазҰМУ-дың қауымдастырылған профессоры және KA&DA өкілі Радмила Цой деменциясы бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыру мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы баяндады.
Пациенттерге көмек көрсету жүйесін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Панельдік пікірталас барысында қатысушылар ерте диагностика, медициналық және әлеуметтік қолжетімді қолдау, сондай-ақ пациенттер мен олардың отбасыларын сүйемелдеудегі пәнаралық тәсілдің маңызын талқылады.
Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде Alzheimer’s Disease International (ADI) ұйымының қатысуы болды. Chris Lynch өз сөзінде деменциясы бар адамдар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсету, алдын алу және ерте анықтау мәселелеріндегі халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықтың хабардарлығын арттырудың, когнитивтік бұзылыстарды ерте анықтау жүйесін дамытудың және Қазақстандағы деменциясы бар адамдарға кешенді көмек көрсету жүйесін жетілдірудің маңызын атап өтті.