
Халықаралық World Cleanup Day экологиялық акциясы аясында қаланың медициналық ұйымдары жалпықалалық сенбілікке және аумақтарды абаттандыру жұмыстарына қатысты.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов бірқатар медициналық ұйымдарға барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты және ұжымдардың тазалық пен тәртіпті сақтауға қосқан үлесін атап өтті.
Сондай-ақ, Қала күні қарсаңында медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері ұйымдастырылып, онда тұрғындар мамандардан кеңес алып, профилактикалық тексерулерден өте алды.
Бірге тазалыққа қамқорлық жасап, Алматы тұрғындары үшін жайлы қалалық орта қалыптастырамыз!